БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫ ВЕЛОЖОЛҒА АЙНАЛАДЫ

Шымкенттегі балалар темір жолының орнына жүгіру
мен веложол салынатын болады.

Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев жергілікті «Панорама Шымкента» газетіне берген сұхбатында осындай мәлімдеме жасаған. Өз кезегінде ол дәл осы мәселені көтерген кезде қатты толқығанын, Қазақстандағы балаларға арналған алғашқы бұл теміржол Шымкенттің тарихы болып қалатынын тілге тиек еткен. Бірақ оны қазіргі заман өрендерінің талғамынан шығатындай етіп қайта қалпына келтіру, және оны ұстау шығыны үшін бюджеттен қыруар қаражат қажеттігін алға тартқан. «Сондықтан да нысан орнына жүгіру және веложол салу туралы тиімді шешім қабылданды. Дұрысы, қала тұрғындары спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстансын» деп ой түйеді мәсхатшы.