ҚОҚЫС ТАРИФІН КӨТЕРУ КЕРЕК ПЕ?

Тұрмыстық қатты қалдықтар – еліміздегі ең елеулі мәселелердің бірі. Бірақ елімізде қоқыс тарифін көтермей бұл мәселеге нүкте қойылу мүмкін емес. «Қазақстанның қалдықтарды қайта өңдеу стратегиясы» тақырыбы бойынша өткен Франция — Қазақстан сауда өнеркәсіп палатасының форумында Экология-геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов осылай деді.
Вице-министрдің сөзінше ТМД елдері бойынша ең төменгі коқыс тарифі біздің елдің еншісінде екен. Өз кезегінде ол Қазақстанда тек Алматы қаласы ғана қоқыс шығару қызметі үшін төлем құнын 549 теңгеге көтергенін алға тартты. Ал еліміздің бас қаласында тариф көлемі 246 теңге екен.
Сонымен қатар ол, бағаны өсіру бойынша тариф бағасы 500 теңге немесе 1000 теңге болуы керек» деп айтудан аулақ екенін, бұл жергілікті атқарушы органдары кесіп-пішіп шешетін дүние екенін тілге тиек етті.
– Біз тариф кезең-кезеңімен көтерілуі керек деп санаймыз. Тариф бағасы әр аймақта бірдей бола алмайтыны түсінікті. Бұл ретте әр өңірдің ерекшелігін, қалдық мөлшерін, материалдық жағдайын, халықтың әлеуметтік топтарын ескеруіміз керек. Ол өте қиын мәселе», — деді вице-министр.

Қ. ҚАЛИЕВ.