Ақпараттық- насихаттық топ «Asia Тrafo» жұмысшыларымен кездесті
ҚР Президентінің Жолдауы бойынша ақпараттық-насихаттық топ мүшелері «Asia Тrafo» зауытының жұмысшыларымен кездесіп, маңызды құжаттың мән-маңызын түсіндірді.
«Халықпен тиімді кері байланыс орнату. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады. Еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыруымыз керек.
Елімізді өңірдегі көшбасшы ретінде танытып, Орталық Азиядағы беделімізді арттыру – стратегиялық міндет. Бұл – Елбасы айқындаған саяси бағыт-бағдарымыз», — деді қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева.
Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Данияр Дәрмен «Жолдауда Президент микро және шағын бизнес саласындағы компаниялардың табысына салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірлеуді тапсырды.
Заңнамаға енгізілетін тиісті түзетулер 2020 жылдан бастап күшіне енуі керек.
2020 жылғы қаңтардан бастап, микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешімім күшіне енеді», — деп кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге жасалатын жағдайды қысқаша баяндады.