СҮТ ӨНІМІ ҚАУІПТІ АУРУЛАРДЫҢ ДАМУЫНА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ

Гранад университеті мен Мадридтегі Комплутенсе университетінің ғалымдары арнайы сараптау жұмыстарын жүргізу кезінде қатерлі ісік пен қант диабетінен қорғану үшін сүт өнімдерін көптеп тұтыну керек деген қорытынды шығарған. Өз кезегінде испандық ғалымдар сүттің майлы емес өнімдерін яғни, йогуртты жиі тұтыну екінші типтегі қант диабетінің, колоректальді рак, қуықтың қатерлі ісігі мен метаболикалық синдромның даму қаупін тежейтінін анықтаған.
Сонымен қатар олар, зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, ірімшік, айран, йогурт сынды сүт өнімдерінің омыртқаны қатайтатынын да мәлімдеген. Және де қауіпті ауруларға тосқауыл қою үшін сүт өнімдерінің майлылығының мөлшері 2,5%, ал ірімшіктікі 5-9 пайыз шамасында болу қажеттігін атап өткен.
Бұл қаперге алатын дүние. Себебі, әлемде өлім-жітім көрсеткішінін 63 пайызы инфляциялық емес аурудан яғни, семіздік пен қант диабетінен болады екен. Ал елімізде қаза болатындардың 80 пайызын қатерлі ісік, ас қорыту, тыныс алу және қан тамыр жүйесі ауруына шалдыққандар құрайды.

С. НҰРАЙ.