Курсанға тағылған айып қандай?

Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары болған Курсан Асановтың үстінен «қызметін асыра пайдаланды» деген баппен үш қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы журналистерге оның қорғаушысы
Талайгүл Токтакунова хабарлаған.

Сонымен қатар, министрдің экс орынбасары екі іс бойынша куәгер ретінде шатылуда. Тергеуді әскери прокуратура жүргізуде.
Естеріңізге сала кетсек Курсан Асанов 7-8 тамызда Кой-Ташта Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын орындаған. Бірақ сол оқиғадан кейін яғни, 13-тамызда ол «Қырғыз милициясының мүддесін сатты» деген айыппен қызметінен қуылған. Іле үйқамаққа алынған. Десе де, К. Асанов өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін, керісінше «мен мемлекет мүддесін бәрінен жоғары қойдым» дегенді алға тартуда. 22-тамызда оның адвокаты Икрамидин Айткуловтың алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталуы да «жығылғанға жұдырық» болды. Бұдан кейін де жағдай ушыға түсті. Бас прокуратура қылмыстық іске экс вице-министрдің ұлы Мұхаммед-әлі де қатысты екенін жариялады. Қадағалаушы орган 29-тамызда К. Асанов өзінің ұлы арқылы А. Атамбаевтың айыптарына айғақ болатын заттарды оның жақтастарына беріп жібергенін мәлімдеген. Осыған орай К. Асановтың ұлына іздеу жарияланды. Өз кезегінде ол 1997 жылы туылған азамат екенін айта кетейік.

С. НҰРАЙ.