РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫМЫЗ ЖАЙЫНДА
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қазақ қоғамында үлкен резонанс туғызды. Көпшілік не үшін рухани жаңғыру туралы экономикалық, саяси жаңғырудан кейін айтыла бастады деген сұраққа жауап іздеді.
Кейін замандастарымыздың «Ұлттық код» туралы әңгіме ертерек айтылуы керек еді дегенге саятын ой-пікір-лерін бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кездестіріп қалып жүрдік. Мұндай байыптаулармен мен келісе алмадым. Мақала бүгін жарық көргенімен, руханият мәселелері туралы егемендігімізді алған күнімізден бастап айтылып та, соған сай әрекеттер жасалып та келеді. Осы айтылғанға бірнеше дәлелдер келтірейін. Тәуелсіздігіміздің таңы атқан жылдарда Елбасымыз ең алдымен әлемде тарыдай шашырап жүрген қандастарымыздың басын қосып, алғаш рет дүние жүзі қазақтарының Құрылтайын өткізді. Бұл игі іс қандай мақсаттардан туындады деңіз.
Н. Ә. Назарбаевтың «саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген сөзі бұл оқиғадан әлдеқайда кейін айтылса да, сол таңдағы игі мақсатты айқындап тұр. Бұдан біз мынадай жан айқайын ұғуға тиіспіз: «Уа, қазақ бауырларым! Бабаларымыз неше ғасырлар бойы ат үстінен түспей күрескен, армандаған тәуелсіздікке, егемендікке қол жеткіздік. Енді сол игілігімізді тұғырлы етейік. Әлемнің әр түкпірінде пенделік несібемізді теріп, қара бастың қайғысымен ғана күн көріп жүргеніміз жарамас. Бәріміз бірігіп, бір тудың астынан табылайық. Барымызды тиянақтап, жоғымызды түгендейік. Қазақ қашан, кімнен кем болған? Даңқты тарихымызды тірілтейік. Жаста-рымыздың бойына өз ұлтына, жеріне деген мақтаныш сезімдерін сіңірейік.
«Дария бұрын аққан жерінен ақпай қалмайды» дейді дана халқымыз. Сол ескі арнаның қайта толып ағар кезеңі келді. Осы ағысқа тың күш-қуат берейік. Әлемдегі барынша дамыған, алдыңғы қатарлы елдермен тере-земізді теңестірейік. Ұрпақтарымыз біздің осындай әрекеттерімізді мақтаныш ететін болсын! Сонда біз келешек ғасырларға жарқын жүзбен қарайтын боламыз. Осындай асыл мұраттарымыз Мәңгілік ел деп атануы-мыздың бастамасы болсын!»
Менің ойымша, руханиятты ешқашан экономикадан бөлек қарастыруға болмайды. Біраз азаматтар Елбасымыздың «Алдымен экономика, содан кейін саясат» деген сөзін өз деңгейінде түсінбегендігін аңғартып қалады. «Ораза, намаз – тоқтықта» деген ата-бабамыз. Бұл сөзді біржақты түсініп, аштық иманнан айырады екен деу ағаттық, әрине. «Я Алла, өзің бере гөр» деп қол қусырып отырғанға ризық-несібе ешқашан төбеден түспек емес. «Әрекетке-берекет» дейтін сөз де бар. Елімізде жүзеге асырылған барша экономикалық реформалардың нәтижесі руханиятқа қызмет етеді. «Рухани жаңғыру» дегеніміз, бүгінгі таңдағы экономиканы дамыту бағытындағы жетістіктерімізді лайықты бағалап, оларды елдің игілігіне жарата білу деген сөз.
Былтыр облыс тізгінін қолына алған Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев «Туған жерді түлету – перзенттік парыз» атты акцияның кең өріс алуына мұрындық болып, аудан мен облыстың ғана емес, бүкіл Қазақстанның гүлденіп, көркеюіне, өсіп-өрістеуіне қосар үлесі үлкен аса маңызды бастама көтерді.
Қасиетті Түркістанымыздың Түрксой ұйымына мүше елдердің мәдени астанасы деп жариялануы Қазақстанның мерейін асқақтатқан, сонымен бірге рухани жаңғыру жолындағы жауапкершілігімізді еселеп арттырған тарихи оқиға болады.
«Бізде идеология жоқ» деген сияқты сөздерді есітіп қалып жатамыз. Мемлекет басшысының мына игі бастамасы, айтқан лебіздері идеология емес пе? Тағы да халқымызға арнаған «Қазақстан-2050» стратегиялық Жолдауында айтқан «Мемлекет пен жеке азаматтың мүддесі бір жерден шыққанда ғана ел боламыз» деген сөзін еске түсірейік. Ай мен күннің аманында «Жергілікті мен оралман, жүз бен жүз, ру мен ру, діншіл мен әсіредіншіл, жаңа қазақ пен шала қазақ, т.т. болып жіктелсек, ұлттық құндылықтарымыздың қадірін кетіріп, ит тартқылағанмен бірдей етсек, тілімізді шұбарлап, дінімізді лайласақ, оған кім кінәлі?!
«Алдымен экономика, содан соң саясат» деу қате ұстаным болды деп жүрген замандастарымызға да мына ойды ұқтыруға тырысып көрейін. Бұл жерде біз саясат және руханият дейтін ұғымдарды шатастырмауға тиіспіз. Саясат – мемлекеттің мәселесі, ал руханият әрбір азаматтың жүрегінде, сана-сезімінде жасайтын қасиетті ұғым.
Экономикамыз еңсесін тіктеді, Ел тағдыры толғанды-ратын әрбір азамат Елбасымыздың әр жылы Қазақстан халқына арнайтын Жолдауындағы елдің рухани кескін-келбеті жайлы ойларына тереңдеп үңілсін. Оқып қарайықшы!
«Тәуелсіз елді өз қолыңмен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін.
Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз.
Сондықтан, барлық буын өкілдеріне үн қатамын! Алдымен, алдыңғы толқын – аға буын!
Сіздердің көрегендіктеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз кейінгі буынның ақиқат жолынан адаспай, алға басуына септігін тигізеді.
Ортаңғы буын отандастарым!
Сіздердің еншілеріңізге алып империяның күйреп, жас, тәуелсіз мемлекеттің түлеген кезеңі дөп келді.
Сіздердің күрделі де қиын шешімдер арқылы жинаған өлшеусіз тәжірибелеріңіз қиындықтардан қыңбай өтуімізге қажетті баға жетпес қазына.
Ал, кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіздер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда. Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзентерісіздер.
Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш.
Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын!»
Мен әдейі келтіріп отырған ұзақтау үзіндіні Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған тарихи мәні бар Жолдауынан алып отырмын. Міне, осы жерден Елбасымыздың «адам капиталы» туралы айтқан ойы тағы бір рет қылаң береді. Ата заңымыз, Қазақстан Республикасы Констиуциясының 1-бап, 1-бөлімін оқып қарайықшы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттік ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
Елбасымыз жол сілтеген ұлы мұраттарды жүрегінде ұялатып, шын мәніндегі «адам капиталын» байытуға әрекет жасауы, ұрпағын сол мақсатқа лайықты азамат етіп тәрбиелемегі ләзім. Сонда ғана біз мына күн емес, сағат санап дамып бара жатқан күрделі әлемде адами бәсекелестікке төтеп бере алмақпыз.
Міне, осындай игі мақсаттарымызға қол артуда біз қандай ұстанымдарды негізге алуымыз керек? Елбасы мақаласы осы сұраққа нақты жауаптар береді. Оқып қарайық:
«Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз тәуелсіздік жылдарында бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық.
2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.
2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарла-масы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тари-хымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз».
Жоғарыда айтып өткеніміздей, біз егемендік алған жылдар ішінде бірыңғай экономиканы өркендету, саяси мәселелермен айналысқан жоқпыз деген ойымызды Елбасымыздың осы сөздері шегелей түседі.
Осы жерде айта кетуім керек болған бір нәрсе, біз өз тарихымызға, бізде өте терең мәдениет, қасиетті құндылықтар болғанына күмәнмен қарап келгенімізді жасырудың қажеті жоқ. Егер солай болса, қазақ әлемде теңдесі жоқ адамгершілік құндылықтарды елдік санада қалай қалыптастыра алған, әлем халықтарының бірде-бірінде кездеспейтін ауыз әдебиетінің бай мұрасын қалай қалдырған? Міне, осының түпкі себептеріне, мән-мағынасына үңілу «рухани жаңғыру», «ұлттық кодымызды» білу деген сөз.

Ұласбек СӘДІБЕКОВ,
қоғам қайраткері.
(“Перзент парызы” кітабынан ықшамдалып алынды)