ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАДА ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 23-қарашасында аймақта «Адал жол — Честный путь» марафоны болып өтті.

Облыс аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ұйымдастырылған марафон нәтижесі бойынша Созақ ауданы «ҮЗДІК ФЛЕШМОБ» номинациясын иемденіп алды. Өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылған бұл марафон аудан, қалалардағы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен барлық мақсатты топтардың белсенділігімен өткізілді. Сөз соңында теріскейліктердің «ҮЗДІК ФЛЕШМОБ» номинациясын иемденіп алуына созақтық жастардың белсенділігі зор рөл ойнағанын атап кеткен абзал.