МАҚТААРАЛДА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 23 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Конституциямыздың 23 жылдығына арналған Атакент кентінің «Алпамыс батыр» стадионында 50 жастан асқан ардагер спортшылар арасында «Алаш елінде, қазақ жерінде жастарға өрнек болайық!» ұранымен кіші футболдан облыстық жарыс өтті. Ойын қызықты және тартысты түрде өтті. Спортшылардың спортқа деген қызығушылығы артты. Жарыстың үздік ойыншылары сайыс барысында доп алып жүру техникасы, нәтижелі пас беру, қақпаға допты тура бағыттау жағынан көзге түсе білді. Команда капитандары өз ойыншыларын алға сүйреп, шыдамдылық пен төзімділікке баулып, ойын шиеленіскен уақытта жігерлендіре білді.Сайысқа барлығы 6 команда қатысты. Атап айтқанда, Шымкент қаласынан 2 команда, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал аудандарынан 1 командадан додаға түсті. Тартысты өткен жарыста оза шауып Мақтаарал ауданының ардагерлер командасы І орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, ІІ орынды Шымкент қаласының «Локомотив» командасы, ІІІ орынды Шымкент қаласының тағы бір «Наурыз» командасы иеленді. Жарыста жүлделі орынды алған командалар арнайы марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі