ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қалалық жастар орталығында қала әкімінің орынбасары С.Расұлдың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы және оның алдын алу шаралары бойынша семинар кеңес өтті. Оған қала әкімі аппаратының басшысы, ауыл әкімдері мен дербес бөлім басшылары және мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес қала прокуратурасының прокуроры Д.Орынбасарова жемқорлықтың болдырмаудың жолдарын түсіндірді. Кентау қаласы сотының судьясы А.Дәуренбеков сыбайластықпен сырқаттанғандардың жазасы да жоғары болатындығын жеткізді.
Қала әкімі аппаратының заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Санобар Самиева кең көлемді мәлімет беріп, жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылуы тиіс жұмыстарды атап өтті. Сондай-ақ, заң жүзінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қала әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Жанғали Бейсенбаев жемқорлықпен қоғам болып күрескенде ғана үлкен нәтижелерге жетуге болатындығын жеткізді.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға сала мамандары жан жақты, кең көлемде жауап берді. Арнайы дайындалған бейнероликті тамашалады.