«ШЫМКЕНТ АРЕНА» – АУҚЫМДЫ ЖОБА
Әкімшілік блок пен қонақ үйдің де бой көтеруі назарға алынады. Жобалық құны 17,2 млрд. теңгені құрайтын кешен соңғы технологияға сай дайындалған құрылғылармен жабдықталатын болады.
Ағымдағы жылдың басында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев атқарған жұмысы туралы халыққа берген есебінде осылай деп мәлімдеген болатын.
Соған орай қазіргі таңда аталған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалуда. Ізінше нысан бойынша жобалық-сметалық құжатты дайындау жоспарлануда екен. Өз кезегінде сала мамандары «Шымкент аренаны» салуға ниет танытып отырған инвесторлардың табылып жатқанын алға тартуда. Әзірге ауқымды жобаны кімнің атқаратыны белгілі болмағанмен, нысанның қазығы биыл қағылатыны анық. Себебі жыл басында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев халыққа есеп беру кезінде «Шымкент аренаның» құрылысы 2018-2021 жылдары аралығын қамтитынын айтып өткен болатын.