Табиғатқа үнемі қамқорлық таныту керек

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе,

өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни

туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен

басталады. Әрбір жер атауының

төркіні туралы талай-талай аңыздар

мен әңгімелер бар. Осының бәрін жас

ұрпақ біліп өсуге тиіс. Туған жерге

деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға

деген патриоттық сезімге ұласады.

 

(Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан)

 

Ақсу-Жабағылы қорығына жылына – 1500-ден астам турист… Бір қарағанда қорыққа келушілердің саны аз секілді. Бірақ оның да өзіндік себептері бар екен. Туристердiң көп келуi табиғатқа керi әсерiн тигiзіп, яғни көк шалғынды жер тез тапталатын көрінеді. Адамның көптігінен аңдар да үркiп, төменге жақындамайды. Қорық қызметкерлері аң-құстардың саны көбейгенше осы көрсеткiштiң өзi жеткiлiктi екенін және табиғатқа үнемі қамқорлық таныту керектігін айтады.

Ақсу-Жабағылы қорығы бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлiгiне қарайды. Қазiр ұжымда 70-тен астам адам еңбек етедi. Экологиялық ағарту және туризм, күзет, ғылым, қаржы және ұйымдастыру бөлiмдерi жұмыс iстейдi. Тауда 12 кордон (арнайы бекеттер) бар. Онда мемлекеттiк инспекторлар отбасымен бiрге тұрады. Барлық кордон жаңадан салынып, қажеттi құралдармен қамтамасыз етiлген. Қазіргі таңда аудан әкiмшiлiгi кәсiпкерлермен бірлесіп, қорыққа баратын жолды, оның айналасының инфрақұрылымын жақсартуға күш салуда.

 

С.Тастанбек