НАУРЫЗ — ЗАМАНАУИ АУҚЫМДЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ЖОЛ АШҚАН ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ БАСТАУЫ

Елімізде өткен жылдан бастап Наурызнама тұжырымдамасы бекітілген, осы тұжырымдаманың негізінде Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған ізгі амалдар, мәдени-мерекелік іс-шаралар мемлекеттік деңгейде атап өтілуде. Наурыздың дәстүрлік құрылымы көрісу, наурыз көже, тілек тілеу, бұлақ көзін ашу, ағаш отырғызу, бата беру, ұлттық ойындар – қазақ халқының өмір сүру философиясымен тығыз байланысты болған. Наурыз мейрамы — азаматтық бірегейлік және әлеуметтік тұтастықты қалыптастырудың тиімді тетігі.
Наурызнама тұжырымдамасының басты бағыты — қазақи салт-дəстүрлерді кеңінен насихаттау арқылы ұлтжандылыққа тəрбиелеу, шынайылықты ашуға, қайырымдылықты танытуға, сонымен қатар қоғамның бірлігін, ынтымақтастығын арттырып, азаматтарды қазіргі және келешекті ел мүддесіне пайдалы істерді тындыруға ынталандыру, яғни халқымыздың ұлттық сана-сезімімен дүниетанымын заманауи игі өзгерістерге деген ұмтылысымен үндестік табуына бағытталған.
Қазіргі таңда Наурыз мейрамының жаңа форматы елімізде толыққанды оң өзгерістерге қарқын берген жаңа саяси дәуірдің басталуын білдіреді. Табиғаттың жаңаруымен қатар, еліміздің қарқынды дамуының жаңа кезеңінде ұлттық бірегейлікті нығайту, халықаралық имиджін қалыптастыру тұрғысынан аса маңызды рөл атқарады. Жаңа кезеңмен қатар елімізде Сот сараптамасы саласында цифрландыру және автоматтандыру e-saraptama жүйесі арқылы құжаттарды электронды тапсыру және сараптама нәтижелерін алу, сарапшыларды шет елдерде оқыту, тәжірибе алмасу және халықаралық тағылымдамаларға қатысу аясы кеңеюде. Сарапшылардың кәсіби деңгейін арттыру, ғылыми әлеуетін дамытуға және халықаралық стандарттарға сай сарапшыларды қалыптастыруға бағытталған біліктілігін алу және арттыру бойынша жаңа бағдарламалар енгізілді. Есірткі құралдарына байланысты сот сараптамасы саласында да бірқатар елеулі өзгерістер мен жетілдірулер орын алды. Атап айтқанда, материалдық база қоры заманауи жаңа құрылғымен жабдықталды.
Шымкент қаласы бойынша Сот Сараптамалары Институтында Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес мерекенің тақырыптық іс-шаралары ұйымдастырылып, қайырымдылық күні, ұлттық киім күні, жаңару күні, тазарту күні жоғары деңгейде атап өтілді.
С.Б. Жуматаева,
ҚР Әділет Министрлігінің «Сот Сараптамалары Орталығы» РМҚК филиалы Шымкент қаласы бойынша Сот Сараптамалары Институы ХБЗҚ-нің
аға сарапшысы.