МІНДЕТІН ҚАЛТҚЫСЫЗ АТҚАРҒАН ЖАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан қаласы жыл өткен сайын жасарып, түрленіп келеді. Бүгінде тарихи қалаға табан тіреушілердің қатары қалың. Осы орайда, мұндай мәртебелі межеге әр салада ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген жандардың арқасында жетіп жатқанымызды айрықша айта кеткеніміз абзал. Оларға тиісінше құрмет көрсету – жергілікті билік алдындағы басты міндеттердің бірі. Жуырда мұндай жандар марапат биігінен көрінген болатын. Тарқатайық…
Республика күні мерекесіне орай Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты шараны ашқан музей-қорық директоры Мәулен Жарылқасынұлы Садықбеков жиналған көпшілікті Ұлттық мерекемен құттықтап, Республика күні мерекесінің мән-маңызына тоқталды. Сонымен қатар Әділетті Қазақстанды құру әрбір қазақстандықтың, соның ішінде музей-қорық қызметкерлерінің де тікелей міндеті екендігін атап өтті. Өз сөзінде «Сондықтан әрқайсымыз өз міндетімізді адал атқаруға тиіспіз» деді музей-қорық директоры. Бұдан соң Мәулен Садықбеков музей-қорықтың бірқатар қызметкерлеріне мерекеге орай берілген марапаттарды табыс етті.
Музей-қорықтың археолог ғалымы, т.ғ.к. Тұяқбаев Марат — облыс әкімінің Құрмет Грамотасымен, экскурсовод Абдрасилов Берікбай Кұрманбайұлы — облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталса, Жолдасов Толқын Маханбетұлы, Адилбаева Дина Асхатқызы, Самханов Дадажан Закиржанұлы Түркістан қаласы әкімінің Алғыс хатын иеленді. Бейсенбай Қуаныш Бейсенбайұлына, Рустемова Лаззат Ермаханқызына, Тойкараев Аширбек Торланбайұлына және Убайдуллаев Убайдуллаға кәсіподақ ұйымының Құрмет Грамотасы берілді. Ал музей-қорық директорының Алғыс хатымен Тұрсынов Ағаділ Хазретәліұлы, Абдуманнапов Сержан Бақытғалиұлы, Коджибаев Жанатбек Анварбекұлы, Жузбаев Азамат Сулейменұлы, Рыспанбетова Жанат Алпысбайқызы марапатталды.