ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгінде елімізді қауіпсіз мемлекетке айналдыру бағытында қыруар іс атқарылып келе жатыр. Салаға ауқымды реформалар жасалды. Қылмыспен күрес шаралары қарқын алды. Заң жобалары қайта қаралып, қажет уақытта қатаңдатылып жатыр. Бұл ғана емес, жастар арасында тарап жатқан түрлі кеселді мәселемен күрес шаралары да белсенді жүргізіліп келе жатыр. Мәселен, өскелең ұрпақты өзіне тәуелді етіп, артынша қылмысқа бастайтын лудоманияны алайық. Бүгінде талайларды өзіне тәуелді еткен түйткілдің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүруде. Тіпті, бұл шараға құқық қорғау қызметкерлері де атсалысып жатыр. Тарқатайық…
Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы Әділбек Сапарбековтің тапсырмасымен полиция бөлімінің қызметкерлері Алпамыс және Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектептерінде құқықбұзушылықтың, жол көлік оқиғаларының алдын алу және зорлық-зомбылық, нашақорлық пен лудомания, буллинг, кибербулинг бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық-саяси ахуал сараланған мәжілісте құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстардың сапасы мен тиімділігі жөнінде бірқатар маңызды мәселелер де көтерілді. Жиын соңында қоғамдық орындарда қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екендігі сөз етілді. Аталған мәселелер бойынша мекеме басшыларымен бірлесе отырып, заң аясында тиісті жұмыстарды жүргізу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.
Айта кетейік, биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Енді аталған заң жобасының талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.