«ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ САРАЛАНДЫ
Лудомания — ессіздік, ойынға құмарлық. Еліміздің түкпір-түкпірінде тұрған букмекерлік кеңселердің іші толған жастар. Ойынға құмар жастар қолдарындағы соңғы ақшасын тігіп, үлкен қаражат көтерем деп сенеді. Алайда, ұтылып қалған соң, еңселері түсіп, өзін қоғамнан алшақтатып жібереді. Сондықтан бұл мәселемен күрес күн тәртібінен түспей тұр. Осы орайда, аталған түйткілдің түйінін тарқату жұмыстары Түркістан облысында қарқынды түрде жүзеге асып келе жатыр. Осы орайда, бүгінгі материалымызда аталған тақырыпты кеңірек тарқатпақпыз…
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ құрылымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкерлері алдағы жұмыс жоспарын талқылады. Бөлім қызметкерлері Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұловамен Аналар кеңесінің жұмыс жоспарын саралады. Аналар кеңесінің төрайымы өз сөзінде ҚХА-ның «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасының «Салауатты сана» тұжырымдамасы аясында жұмыс істеп жатқанын, бұл орайда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да Аналар кеңесінің құрылғанын жеткізді. Жиында белгілі болғандай, «Салауатты сана» жобасы — қоғамның бес кеселі — нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, құмарпаздық немесе лудомания, вандализм және ысырапшылдық сияқты жаман әдеттермен күресуге бағытталған ауқымды жоба.
Мұнан соң, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаевпен алдағы жұмыс барысын саралады. Медиация саласы – бітімгершілікті ту еткен сала. Мамандар осынау құрылымның осы күнге дейін атқарған жұмыстарын бағамдап, нәтижесі бойынша алдағы уақытта ауқымды отырыс өткізуді жоспарлады. Айта өткен жөн, бүгінде облыс бойынша 50-ден астам кәсіби және қоғамдық медиатор азаматтардың арасында туындаған мәселелерді бейбіт жолмен шешуде аянбай қызмет етіп келеді.