ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ҮМІТ

Жақсылық пен үміт – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Бұл екі ұғым адамгершілік пен рухани байлықтың негізін құрайды. Адамзат тарихында жақсылық пен үміт әрдайым адамды алға жетелеп, қиындықтарды жеңуге күш берген. Жақсылық жасау – адамды рухани байытса, үміт – болашаққа деген сенімнің белгісі. Осы екі құндылық адамзаттың даму жолында маңызды рөл атқарады.

Жақсылық – адамның жан дүниесінің тазалығы мен кеңдігін көрсететін ұлы қасиет. Жақсылық жасау арқылы адамдар бір-біріне көмек көрсетеді, қолдау білдіреді. Кез келген адам өз ортасына жақсылық жасай отырып, өзінің ішкі дүниесін байытады. Жақсылық тек материалдық көмек көрсету ғана емес, жанашырлық танытып, жылы сөз айту, рухани қолдау көрсету. Жақсылық жасау арқылы адам өз бойында адамгершілік, мейірімділік сияқты асыл қасиеттерді дамытады. Мысалы, біреу қиын жағдайға тап болғанда, оған көмек қолын созу – нағыз жақсылықтың көрінісі. Күнделікті өмірде біз біреуге жылы сөз айтып, күлімсіреп, оның көңіл-күйін жақсарта аламыз. Осындай қарапайым істер де үлкен жақсылыққа жатады. Көптеген адам жақсылықты үлкен іс деп ойлайды, алайда ол кез келген кішкентай әрекеттен басталуы мүмкін. Біреуге көмектесу, оның өмірін сәл де болса жеңілдету – бұл үлкен жақсылық.
Үміт – адамның болашаққа деген сенімі, алға ұмтылуға, арманына жетуге деген құштарлығы. Үміт адамға қиын кезеңдерде қолдау көрсетеді, ең қиын сәттерде күш беріп, алға қарай ұмтылуға жетелейді. Әлемдегі әр адам болашаққа сеніммен қараса, өмірде орын алған қиындықтарды жеңілдете алады. Үмітсіз адам өмірге құлшынысын жоғалтады, ал үміт бар жерде мақсат бар, алға жылжу бар. Адам өмірінде үміттің маңызы зор. Мысалы, ауыр науқасқа шалдыққан адам үмітін жоғалтпай, дәрігерлерге сеніп, емделуге бар күшін салса, оның жазылу мүмкіндігі артады. Үміт әрдайым адамның өмір сүруге, күресуге деген құштарлығын арттырады. Сонымен қатар, үміт адамдарды біріктіреді. Қоғамда қиын жағдайлар болған кезде адамдар үміт арқылы бір-біріне сенім артып, қолдау көрсетеді. Осылайша, үміт адамдарды рухани байытып, олардың болашаққа деген сенімін нығайтады.
Жақсылық пен үміт – бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Адам жақсылық жасай отырып, үмітті оятады. Мысалы, қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмек көрсеткен кезде, сол адамдардың өмірге деген сенімі артады. Жақсылық жасау арқылы адамдар бір-біріне қолдау білдіріп, үміт сыйлайды. Үмітсіз адам жақсылыққа сенбейді, ал үміт бар жерде жақсылық та қатар жүреді. Қазіргі әлемде жақсылық пен үміттің рөлі арта түскен. Адамдар жаһандық қиындықтарға тап болып жатқан кезде, жақсылық жасау мен үмітті жоғалтпау – қоғамның бірлігі мен тұрақтылығының кепілі. Әрбір адам өз өмірінде жақсылық жасап, үміт отын жаға алса, әлем мейірімді, әділ және бақытты бола түседі.
Қорытындыласақ, жақсылық пен үміт — адам өмірінің негізгі тіректері. Жақсылық жасау – адамның рухани дамуына ықпал етсе, үміт болашаққа деген сенімді арттырады. Екеуі бір-бірін толықтырып, адамның өмір сүруге, арманына жетуге деген ынтасын күшейтеді. Жақсылық пен үміт бар жерде адам баласы бақытты өмір сүруге, өзгелерге қолдау көрсетуге және өз болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік алады.

Гулжан Абызова,
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№7 үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-ның №7 бөлімшесінің консультанты.