ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ ӨЗЕКТІ ТҮЙТКІЛДЕРІ ТАРҚАТЫЛДЫ

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің ІІІ тоқсандық отырысы өтті. Аталған кеңес отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Бекмұрзаев және кеңес мүшелері, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалының басшысы Е.Айтжанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Құрманалиев, Көксәйек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Утегенов, №9 техникалық-көпсалалы колледжінің бөлім меңгерушісі Б.Мыңбаев, аудандық этномәдени бірлестіктерінің төраға орынбасарлары және елді мекен тұрғындары қатысты.

Күн тәртібінде «Колледждің ішкі тәртіп ережесі», «Жастар арасында құмар ойын, әлімжеттік пен құқық бұзушылықтың алдын алу» және «Көксәйек ауылдық округінің әлеуметтік тыныс тіршілігі» тақырыптары қаралды. Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сеит Бекмұрзаев этносаралық мәселелердің алдын алу бойынша баяндама жасап, алдағы жоспарларды пысықтады. Жастар арасында құмар ойын, әлімжеттік пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Аңсар Құрманалив сөз сөйлесе, Көксәйек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Сағынғали Утегенов округ бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.
Ал №9 техникалық-көпсалалы колледжінің бөлім меңгерушісі Берік Мыңбаев колледждің ішкі тәртіп ережесі және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары жөнінде баяндама жасады. Жиын соңында Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сеит Бекмұрзаев көпшілікті бірлік пен ынтымақты сақтап, достық қарым-қатынасты нығайтуға шақырды.