СҰРАНЫСПЕН САНАСҚАНДАР ЖҰМЫС ІЗДЕП САНДАЛМАЙДЫ

Бүгінде мамандық таңдағанда еңбек нарығындағы сұраныспен санасу керек. Әйтпегенде жұмыссыздардың қатары толыға түсуі мүмкін. Сәйкесінше, елімізде қоғамның сан түрлі саласына қажет мамандарды даярлауға басымдық беріліп отыр. Осы орайда, бүгінгі материалымызда аталған тақырыпты тарқатуды жөн санап отырмыз…

Бүгінде жақсы табыс табу үшін тек жоғары оқу орындарын оқу міндетті емес. Кәсіптік біліммен де жақсы жұмыс пен жоғары жалақы табуға болады. Осы орайда, елімізде жаңа оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алуға 145 мың грант бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мың орынға көп. ҚР Оқу-ағарту министрлігі таратқан дерекке сенсек, студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 90 пайызды құрап отыр.
Оны ішінара тарқатсақ, гранттың 65 пайызы машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия секілді техникалық мамандықтарға бағытталған. Сондай-ақ колледждерге талапкерлерді кәсіпорындардың өтінімдері бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен қабылдау жалғасып жатыр. Ол бойынша жыл сайын 10 мың талапкер қабылданады.

С.НҰРАЙ.