СЕЙТЕНОВ АРТЫЛҒАН СЕНІМДІ АДАЛ АТҚАРЫП ОТЫР МА?

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қала тізгінін қолға алған уақыттан бері бірқатар шенеуніктер ауысты. Арасында өзге өңірлерден келген кадрлар да жоқ емес. Әрине, бірқатары білікті һәм тәжірибелі екенін айқын аңғартып, артылған сенімнің үдесінен шығып келеді. Десе де арасында жарқын да айқын жұмысымен көптің көзіне түсе алмай келе жатқандар баршылық.

Жалпы қала әкімі сенім артып, жауапты қызметті сеніп тапсырғандардың қатарында қазіргі қала әкімі аппаратының басшысы Ержан Сейтенов те бар. Бұл кадр бұған дейін Алматы қаласында бірнеше басқарманың басшысы болған. Алмалы ауданының әкімі ретінде де қызмет атқарған. Қош делік, еңбек жолына қарап-ақ көп нәрседен хабары барын аңғарамыз. Әйткенмен айтпағымыз ол емес.
Қазіргі аппарат басшысы бірнеше салаға жетекшілік етеді. Ал сол салалардағы жұмыс қарқыны қандай? Аттай қалап алдырған азамат артылған сенімді ақтап жатыр ма? Сейтеновтың Шымкентке көшуі тағы кімдердің жайлы орыннан жылжуына себеп болды? Мемлекет басшысының сын садағына ілінген «командамен көшу» әлі де тыйылмай тұрған жоқ па? Өзіне артылған сенімді адал атқарып жатыр ма? Шаһар басшысы соңғы уақытта жемқорлық пен заңсыздықты жоюға күш салып жатыр. Ал аппарат басшысының ұсынысымен жайлы орынға жайғасқан кадрлар қоғамның сынына ұшырап, заңды белшеден басып жатқан жоқ па? Оның бүге-шігесін «Уақыт» газетінің алдағы сандарында жарияланатын зерттеу материалынан оқи аласыздар…

«Уақыт».