БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ – ЕЛ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ФАКТОР

Елдің дамуы жолында бірлік пен ынтымақтың алар орны айрықша. Сондықтан аталған бағытта қыруар іс атқарылып жатыр. Әрбір өңірде ел аумағында ғұмыр кешіп жатқан ұлттардың татулығын насихаттайтын түрлі бастамалар көтеріліп жүзеге асып келеді.

Осы орайда, жуырда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан бастаған бір топ делегация Шымкентке келіп, қалалық ассамблея мүшелерімен кездесті. Іс-сапар барысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған әртүрлі контингентпен бірқатар кездесулер өткізу жоспарланған. Кездесулер кестесіне сәйкес, «Достық үйі» ғимаратында қалалық этномәдени бірлестіктер мен қалалық ҚХА жанындағы құрылымдардың жетекшілерімен кездесу өтіп жатыр.
Кездесу барысында топ жетекшісі Ғалымжан Маханнан бөлек, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, республикалық тәжік ЭМБ төрағасы Акбаржан Исмаилов, республикалық медиация кеңесінің төрағасы, Астана қалалық өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев сөз сөйлеп, еркін форматта сұхбаттасты.