СУ АРНАЛАРЫН МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУДАН ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА

Жуырда Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Мәжілісті бастамас бұрын аудан басшысы Арман Абдуллаев аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Исахожа Елеусізовті аудан активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе 2023 жылдың 8 айының қорытындысымен аудан бюджетінің игерілуі туралы ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғ.Мейманбаев баяндама жасады. Келесі мәселе ауданның су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының атқарған және атқаратын жұмыстары мен өзекті мәселелері туралы ауданның су шаруашылығы МКК-нің директоры Н.Алданазаров баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылы егістік жерлерге толық ағын су жеткізіп беру және төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында «Тұран-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының техникаларымен ұзындығы 28 шақырымды құрайтын каналдар механикалық тазалаудан өткізілді. Жылдың соңына дейін 135 шақырым су арналарын механикалық тазалаудан өткізу жоспарлануда. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Дарбаза ауылдық округіндегі Дарбаза қашыртқысындағы көпірлерді ағымдағы жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар суғару маусымын нәтижелі аяқтау мақсатында кәсіпорын тарапынан 57-тармақ, 47-тармақ, Құлтума, Тасқұлақ-Коммунизм, Хожахан, Р-12, Р-14 және Р-1-2 каналдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне сын-ескертпелер айтып, нақты тапсырмаларды мерзімдерімен міндеттеп, орындалуын бақылауда ұстайтындығын жеткізді.