ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қаратау ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен Шымкент қалалық еңбек инспекциясы басқармасымен бірлесіп “MEIR-TRADE” жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен еңбекті қорғау қағидаларын сақталуы жағдайына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұндай шаралар аудан прокуратурасымен жиі ұйымдастырылады. Атап өтер жайт аталған жұмыстың негізгі мақсаты — жұмысшылардың еңбек кодексінде көрсетілген құқықтарының толық қорғалуын қамтамасыз ету. Кездесу барысында, мекеме жұмысшыларында туындаған еңбек қауіпсіздігінен және еңбекті қорғауға, жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға кепілдіктер керек. Және өтемақы төлемдеріне заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғау мәселелері талқыланды. Бұл жиынның маңызы ерекше. Өтйкені жыл сайын Қазақстан кәсіпорындарында 1300-ден астам қызметкер жарақат алады, оның ішінде 200-ге жуық адам қайтыс болады. Сондықтан жұмыс орындарында кәсіптік тәуекелдерді, өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайтуға, тиісті мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған еңбек қауіпсіздігі саласындағы жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды оңтайландыру жөніндегі шаралар кешенінің маңызы ерекше.
Бұдан бөлек, елімізде өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыру үшін кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 15 мыңнан астам өндірістік кеңес құрылды, онда 17 мыңнан астам техникалық инспектор еңбек жағдайларының жай-күйіне ішкі бақылауды жүзеге асырады. Еліміздің 2 796 кәсіпорнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша стандарттар енгізілді. Мұның өзі еңбек саласындағы бірқатар мәселелердің шешілуіне мұрындық болып отыр.