ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25%-ҒА КӨТЕРІЛДІ
Елімізде әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 38 мың қызметкердің жалақысы 25%-ға артты.
Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде қызмет көрсететін, уақытша баспана ұйымдарында және жұмыспен қамту орталықтарында жұмыс істейтін басшы құрам мен негізгі персонал, яғни әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, медицина қызметкерлерінің айлығы өсті.
Айта кету керек, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50%-ға, ал 2022 жылы – 25%-ға өскен болатын.