МЕКЕМЕ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ СЫН ЖОҚ
Ағымдағы жылдың 4 қазанында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті кезекті рет тұтынушыларға арналған виртуалды қабылдауын өткізді.
Қала тұрғындарына департаменттің әлеуметтік желідегі парақшасына коммуналдық салаға қатысты сауалдарын жолдау мүмкіндігі берілді. Аталған қабылдауға коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің, қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері қатысты. Ал монополияларды реттеу департаментінің монополиялар мен бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Айгүл Шолпанова жиынды жүргізді.
Қоғамдық қабылдау барысында қала тұрғындары коммуналдық қызмет ұсынушы мекеме ұйымдарға қатысты сауалдарын жолдап, жауаптарын алды. Бұл жолы қаладағы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-на, яғни, сумен қамту және су бұру қызметтеріне қатысты сауалдар түскен жоқ. Мұның себебі де жоқ емес. Мекеме бүгінде халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді.
Нақтырағы, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС қызметіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда кәсіпорынның Facebook және Instagraм әлеуметтік желілеріндегі аккаунттары арқылы немесе Whatsapp желісіндегі +7 705 758 11 11 нөміріне хабарласуға болады. Әр сұрақ жіті қарастырылады және міндетті түрде жауап беріледі. Мұның өзі мекеменің жаңашылдықтарды жұмысты реттеу мен сапаны арттыруда қолданып келе жатқанын айғақтаса керек.