КӨГАЛДАНДЫРУҒА КӨП МӘН БЕРІЛЕДІ

Аймақтағы демалыс орындар халыққа ыңғайлы әрі көрікті болуы керек.  Бұл ретте төңіректі көгалдандыру мәселесіне ерекше мән беріледі. 

Түркістан облысының орталығында жаңадан бой көтеріп жатқан нысандардың құрылыс барысымен танысу кезінде аймақ әкімі Дархан Сатыбалды мердігерлерге осылай деді.
Өз кезегінде Дархан Амангелдіұлы мердігер мекеме өкілдеріне қолға алынып жатқан жұмыстың сапасын назардан шығармауды, тұрғындар пікіріне құлақ асып, олардың тараптарынан айтылып жатқан сын-ескертулерін қаперге алуды тапсырды.
Нысандардың тиісті талаптардың үдесіне сай болуын қадап айтқан Дархан Сатыбалды «Түркістан қаласын дамыту жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл – мемлекеттің үлкен қолдауы. Құрылыс саласына тартылған инвестиция да елге қызмет етуі тиіс. Әрбір нысан елге арналғандықтан үлкен жауапкершілікпен қарап, жұмысты адал істеу маңызды»,- деді.