ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАЛАЛАР КӨЗІМЕН
Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен Халықақаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы жас эко-белсенділерге арналған «Жасыл технологиялар балалар көзімен» атты байқау жариялады. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында ұйымдастырылған ауқымды шараға 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.
Байқау «Үздік экологиялық қолөнер», «Үздік жасыл жоба», «Үздік жасыл дубляж» атты үш номинация бойынша өтеді.
«Үздік экологиялық қолөнер» номинация жеңімпаздарын анықтау 4-6 жас аралығындағы балалар арасында өтеді. Бұл номинацияда табиғатта жылдар бойы ыдырайтын пластик, шыны, полиэтилен, батареялар, фольга, консервілер және т.б материалдарды қайта пайдалануды көрсететін қолөнер жасау керек. Бұл номинация жеңміпазына үміткерлер ұйымдастырушыларға 60 секундқа дейін созылатын қолөнердің сипаттамасы берілген видео ұсынады.
Ал 7-12 жас аралығында өтетін «Үздік жасыл дубляж» атты номинация жеңімпазына үміткер болуы үшін экологияны сақтау контексінде автордың өз дауысымен жазылған фильмдердің, мультфильмдердің үзінділерінен 60 секундқа дейін жалғасатын қызықты дубляж дайындалуы шарт. Соңғы «Үздік жасыл жоба» номинациясы бойынша байқауға қатысқан 13-17 жас аралығындағы балалар өз аймағындағы экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін «жасыл» жоба әзірлеп, оны қысқаша сипаттау қажет. Материалдың ұзақтығы 60 секундқа дейінгі уақыт аралығын қамтуы тиіс.
Әр номинацияда үш жеңімпаз болады. Топтан озып шыққандарға бағалы сыйлықтар беріледі.
Байқау кезінде қатысушы өз жобасын қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде қорғай алады. Шараға қатысу үшін үміткерлердің жұмыстары Instagram аккаунтында 15 қазанға дейін орналастырылуы тиіс. Қатысушылардың аккаунттары байқаудың барлық кезеңінде ашық болуы керек.
Желіге орналастырылған жобалар #конкурсIGTIC2022, #ГодДетей2022 #БалаларЖылы2022 хештегімен жариялануы қажет. Сонымен қатар қатысушының аты-жөні, жасы, телефон нөмірі, тұратын қаласы, номинацияның атауы міндетті түрде көрсетілуі керек. Одан өзге
@igtic_kz парақшасына жазылып, бұл парақшаны өз жобасын жариялау кезінде міндетті түрде белгілеу керек.
Конкурстың жеңімпаздары 2022 жылғы 20 қазанда @igtic_kz Instagram ресми парақшасында жарияланады.