КЕЛЕСКЕ ҚОЛ САЛУ ТОҚТАМАЙ ТҰР

Өткен аптада Түркістан облысы, Келес аудандық полиция бөлімі қоршаған ортаға қауіп төндіретіндердің жұмысын тоқтату үшін тиісті тексеру жұмысын жүргізді. Шара кезінде Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ақжар елдімекенінде Келестен заңсыз тас қазып жатқан азаматты ұстады.

Құзырлы орган өкілдерінің құрығына түскен азамат табиғатқа зор зиян шектеріп отырғанына міз бақпады. Керісінше полиция қызметкерлеріне қарсылық білдіріп, дөңайбат көрсеткен.
Табиғатқа залал келтіргендерді анықтау үшін өзен бойына жүргізілген тексеру жұмыстарын Келес ауданы әкімдігі, ауданның полиция бөлімі мен прокуратурасы ұйымдастырды. Ауданда алдағы уақытта мұндай шара тағы жалғасатын болады.