САПАЛЫ МАМАН САЛАНЫ ӨРГЕ СҮЙРЕЙДІ

«Су ресрустары-маркетинг» ЖШС жас мамандарды жұмысқа қабылдау, біліктілігін арттыру мәселесіне басымдық береді. Себебі техникалық мамандық иелері тапшы саналатын қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы осы үрдіске тікелей байланысты. 

Мекемедегі ондаған бөлімдерде қазір жастар қатары артып келеді. Солардың бірі – Су ресурстары инспекциясының экономист-сарапшысы Ұлжалғас Тағабаева. Жыл басында жұмысқа келген жас маман бүгінде өз жұмысын жауапкершілікпен істеп, міндетін айтарлықтай меңгеріп үлгерген. Жалпы оқу орнын бітіріп келген жастарды мекеме жұмысына бейімдейтін тәлімгерлердің орны бөлек. Су өлшеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мәліметтерге сараптама жасап, дұрыс есептеуге жас маманды бірінші санаттағы жетекші инженер Алтын Баешова және инспекция басшысы Әсетулла Әшірімбет үйреткен. Ұлжалғас өз ісін жақсы біледі. Болашағынан үміт күттіретін маман. Алғашқы күннен-ақ білімінің жоғары екенін байқатты. Алты ай ішінде көп тұсты меңгеріп алды. Су ресурстары инспекциясының басшысы Әсетулла Әшірімбет тапсырмаларды жақсы орындаған Ұлбосынға тәлімгерлер сыйлығын тарту етіп, жылы лебізін білдірді.
«Өндірістік техникалық бөлімге екі айға жуық уақыт бұрын келген Ақжарқын Ақылбек те жұмысты жүйелі орындауға бейім» дейді бөлім басшылығы. Жас маман ыдысқа құйылған минералды су мен құбыр суын бірден ажыратып, анықтап берді. Осыдан-ақ жұмысқа бейімділігін байқауға болады.
Жалпы аталған мекеме жастардың тәжірибесін ұштап, қабілетін арттыруға баса назар аударып келеді. Бүгінде су ресурстары саласында білікті де тәжірибелі мамандар көп. Дегенмен мұнымен тоқтап қалуға тағы болмайды. Сапалы мамандар сапы уақыт өткен сайын толыға түсуі шарт. Ал бұл мәселе аталған мекеменің күн тәртібінен түскен емес. Болашақта да саланы білікті кадрлармен толықтыру ісіне айрықша назар аудару ісі жалғаса беретінін де айта кету керек.