ТАПСЫРМАЛАР ШҰҒЫЛ ӘРІ САПАЛЫ ОРЫНДАЛУДА
Бұдан біраз уақыт бұрын Тұранда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің сапасына қатысты қала басшысы Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен құрылған арнайы топ 151 пәтерде кемшіліктер анықтаған болатын. Қала әкімі енді тұрандықтармен кездесіп, тапсырмалардың орындалу барысын көрді. Оң нәтижелерге тұрғындар ризашылығын білдірді.
«Мәселелер шешімін табуда. Сабырлы болыңыздар. Инфрақұрылым және абаттандыру жұмыстары өз кезегімен жүргізіледі» деп нақтылап өтті шаһар басшысы. Кездесуден кейін әкім инфрақұрылым, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары мен жылыту қазандықтарын тексерді. Қазіргі таңда Тұран шағынауданында 2020 жылдан бері 5576 пәтерлі 88 көпқабатты үйдің құрылысы жүруде. Алдағы уақытта 27 үй «5-10-20» Шаңырақ бағдарламасымен, 34 үй «Отбасы Банк» АҚ арқылы, 16 үй арендалық бағытпен берілетін болады.
Айта кету керек, Шымкент қаласының ӘІО Арғынбеков көшесі бойында салынып жатқан №1 және №4 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. 2020 жылдың аяғында басталған құрылыс жұмыстары қыс мезгіліне дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Әрбір үйдің аумағы 3 518,43 шаршы метр, 1,2,3 бөлмелі 54 пәтерден тұрады.
№1 үйдің бүгінде темірбетон бұйымдары 100, ішкі әрлеу 95, инженерлік жүйе (су, жылу, электр, кәріз, газ) 95, лифт 99, дәліз периласы 90, балкон есіктері мен терезелері 80, қасбет 90 пайызға аяқталған. Ал №4 үйдің темірбетон бұйымдар 90, ішкі әрлеу 85, линолеум 70, обой 75, кафель 75, инженерлік жүйе 85, лифт 90, дәліз периласы 5, балкон есіктері мен терезелері 60, қасбет 80 пайызға біткен. Жалпы қаладағы құрылыс сапасы қалалық әкімдіктің тікелей бақылауында екенін айта кету керек. Жұмыс барысында орын алған кемшіліктер бойынша дер кезінде тапсырмалар беріліп, мәселелер шешімін тауып келе жатыр.