NUR OTAN АТАУЫ AMANAT БОЛЫП ӨЗГЕРДІ

Сейсенбіде еліміздегі билеуші партия Nur Otan-ның кезектен тыс ХХІІ съезі өтті. Саяси ұйым съезінің бұл жолғы басты жаңалығы партия атауының Amanat болып өзгеруі болды. Мұндай бастаманы партияның Мәжілістегі фракциясы көтерген. Жаңа атауды жиынға қатысқандардың бәрі қос қолдап қолдады. Осылайша елдегі нұротындықтардың бәрі әп-сәтте аманаттықтар болып шыға келді.

Мәжіліс депутаттары партия атауының өзгеруі жұмыстарына ерекше энтузиазм сыйлайтындарына сенім білдіруде. Олар атауын өзгерткен партия елдің үнін естіп, аманатын арқалаған саяси ұйым болады деп есептейді. Бірақ былайғы жұрт партия атауы өзгергеннен көп нәрсе күтудің қажеті жоқ деп санайды. Себебі ұйымның атауы өзгергенмен, оның құрамы сол күйі екенін алға тартады. Бұрынғы Мәжіліс депутаты Серік Әбдірахманов бұл шынайы өзгеріс емес екенін, жай ғана көзбояушылық деп есептейтінін жасырмай айтып отыр.
Партия атауының өзгеруінен қандай өзгеріс болатыны алдағы уақытта белгілі болады.
Айта кетейік, билеуші партия 1999 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Содан бергі 23 жыл ішінде саяси ұйым «Отан», Nur Otan деп аталған.

«Уақыт».