«Ашық есік күні» өткізілді
1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті УГ-157/1 мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар үшін «Ашық есік күні» өткізілді.
Аталған іс-шараға жаза өтеушілердің 15 шақты туыстары келді. Бүкіл әлемді есеңгіреткен пандемиядан кейінгі алғашқы ашық есік күні ерекше аталып өтті. Тәрбие жұмыстары бойынша мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Ринат Маратұлы Урахов жаза өтеушілердің туыстарына мекеме әкімшілігі тарапынан алғысын білдірді. Біріне бала, біріне әке, ал енді біріне бауыр болған жаза өтеушілердің туыстары бір күндік мекеменің өмірімен танысып (жатын, ас қабылдау, жуыну, жұмыс орындары) көңілдері жәй тапқандай болды.
Қазақтың бір туар ақыны Мұқағали Мақатаевтың
-Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,
-Өмір, өмір! Болмайды түңілуге,
-Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
-Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге демекші!
Оларды күтіп отырғандарын, әлі де жарқын өмір алда күтіп тұрғанына сендіріп, қолдауларын білдірді. Және осындай іс-шараны ұйымдастырып отырған мекеме әкімшілігіне алғыстарын білдіріп рахметтерін айтты.