ОТЫЗҒА ЖУЫҚ КӨПІР ЖӨНДЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

Түркістан облысында облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 2021 жылы 87 пайызды құраған. Биыл жүргізілетін құрылыс жұмыстарының есебінен бұл көрсеткішті жыл аяғына дейін 92 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

 

Бұл туралы Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді.
Былтыр облыста құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 2070,9 шақырым жол мен көшелер қамтылған. Ал «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2021 жылы 326,5 шақырым көше пайдалануға берілген. 2022 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 1349,2 шақырым жол мен көшелерді қамту жоспарланған.
Аймақта облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 410 көпір орналасқан. Аталған көпірлердің 381-і жақсы және қанағатты жағдайда болса, 29 көпір жөндеуді қажет етеді.

«Уақыт».