ТҮРКІСТАНДЫҚ МАМАН ТОП ЖАРДЫ

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Бақдаулет Асанхан республикалық байқауда І-орын алып, топ жарып, аймақтың мерейін асырды.
Ол еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдастырған «Полиглот» атты байқауда үш тілді еркін меңгергенін, талап деңгейіне сай келетін кәнігі маман екенін көрсетті. Азаматтық қорғау саласындағы қызметкерлер арасында ұйымдастырылған байқаудың мақсаты – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай үш тілді жетік меңгерген сала қызметкерін анықтау.
Өз кезегінде конкурсқа қатысушылар «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» тақырыбында үш минуттық бейнеролик әзірлеген. Одан өзге дәл осы тақырыпта мақала жазып, шығармашылығын көрсеткен. Дайындаған материалдарын жергілікті БАҚ пен интернет-ресурстарда жариялаған.