Дарынын даралаған ауыл

Құмкент ауылдық мәдениет үйінде ауыл әкімі Ғ.Пәрдебекұлының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі ән байқауының лауреаты дәстүрлі ән өнерін халыққа насихаттаушы аға ұстаз Кенжебай Шалдың «Әнім, жырым — самғайтын қос қанатым, өмір — бәйге, өнерім — қосқан атым» атты шығармашылық кеші болып өтті. 

 

Шығармашылық кешке Шал Кенжебай ағамыздың шәкірттері Кенжебаев Ахат Әлімқұлұлы, Жүсіп Елдос Бердіқұлұлы, Маратов Еламан, Жаңабай Оразәлі Бауыржанұлы келіп өз өнерлерін халыққа паш етіп, керемет көңіл күй сыйлады. Керемет кеште ауыл әкімі Ғ.Пәрдебекұлы аудан әкімі С.Полатовтың құттықтау хатын табыс етіп сыйлықпен марапаттады. Сонымен қатар ауыл ардагерлері С.Асқанбеков, Е.Досболов және т.б ақсақал қарияларымыз Кенжебай Шалға ақ тілектерін айтып, батасын беріп, сый-сияпат жасады.
Ауыл тұрғындары шығармашылық кеште көтеріңкі көңіл күй сыйлаған дәстүрлі әнші Шал Кенжебайға өз ризашылықтарын білдірді.

Мақсат Қарғабай.