Жерлестеріміз жүлделі оралды

Азия чемпионатынан жүлделі оралған спортшыларымызға сый-сияпаттар мен Алғыс хаттар табысталды. 2021 жылдың қазан айының 29-31 күндері аралығында Қостанай қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жекпе-жектен» ерлер, әйелдер және жастар арасында үшінші ашық Азия чемпионаты болып өтті.

Аталған додаға жеті мемлекеттен Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен спортшылар қатысып бақ сынады. Ел намысын қорғаған спортшыларымыздың арасында Созақ ауданының спортшылары қатысып, жүлделі оралды. Айта кетсек жастар арасында 59 келі салмақта Беков Иса қола жүлде алса, ересектер арасында 53 келі салмақта Елеу Нұрбақыт қола жүлдеге қол жеткізді.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ағымдағы жылдың 28-ші қыркүйегі мен 1-қазаны күндері аралығында Қызылорда қаласында әмбебап жекпе-жектен ересектер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты болып өтті.
Чемпионаттан жүлделі оралған спортшыларымызды Созақ ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Ниязәліұлы қабылдады.
Аталған додаға ауданымыздан 6 спортшы қатысып, 2 спортшымыз жүлделі оралды. Атап айтқанда 60 келі салмақта бағын сынаған Бимахан Нұрдәулет күміс жүлде алып спорт шебері атанса, Елеу Нұрбақыт 55 келі салмақта қола жүлде иемденіп спорт шеберіне үміткерлер қатарына қосылды.