МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

Түркістан облысында 972382 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырған.

 

Екпенің екінші бөлігін 873912 адам қабылдаған. Айта кетейік, Түркістан облысында коронавирус жұқтырған ең алғашқы науқас 2020 жылдың 31-наурызында тіркелген болатын.

 

Сол уақыттан бері бүгінге дейін 15 мыңнан астам адам (26-қазандағы жағдай бойынша) індеттің ілмегіне іліккен. Олардың ішінде 7500-ден аса адамда ауру симптомсыз өткен.

 
Қазіргі таңда облыста коронавирусқа қарсы вакцина салдыру қарқынды жүруде. Облыс тұрғындары үшін Спутник-V, QazVac, CoronoVac және Sinopharm вакциналары қолжетімді. Бүгінге дейін өңірде 1 079 828 адамнан ПТР-сынамалары алынған.
Коронавирустың таралуы бойынша Түркістан облысы «жасыл аймақта» тұр.