АРЫСТЫҚТАР АЛЫСҚА САБЫЛМАЙДЫ
Арыс қаласындағы Дермене ауылдық округінің Саналы елді мекенінде заманауи талапқа сай медициналық емдеу-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды. Нысан Арыс қаласы әкімдігі мен «Verum» медициналық компаниясының өзара бекіткен меморандумы аясында бой көтереді. Инвестициялық жобаның жалпы құны құрал-жабдықтарымен қоса есептегенде жарты млрд. теңгені құрайды.
Жалпы аумағы 4 мың шаршы метрді құрайтын кешенде алғашқы медициналық көмек пен күндізгі және тәуліктік стационар, оңалту орталығы, институт пен колледж студенттері үшін медициналық база орналасады. Ең бастысы, жоба аясында кемі 100 жергілікті азамат үшін жаңа жұмыс орны ашылады.
Заманауи кешен пайдалануға берілген соң, тұрғындарға компьютерлік томографиядан өту үшін Түркістан мен Шымкентке барып табанынан тозбайды.