Созақтың өнімі Нұр-Сұлтанда
Биылғы жылдың 21-22 тамыз күндері Елордасы Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысы шаруаларының жазғы жиын теріні, ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңкеге Түркістан облысының барлық аудандары қатысуда, соның ішінде біздің Созақ ауданының да ауылшаруашылық өнімдері ұсынылуда. Жәрмеңкеде ет, май—құрт, сүт өнімдері, қауын —қарбыз көкөністер, бау— бақша өнімдері, жеміс жидектер қойылды. Жергілікті халық жәрмеңкеге келіп Түркістандық шаруалардың отандық өнімдерін төменгі бағада сатып алды. Айта кеткен жөн болар, Созақ ауданынан барған ет көпшіліктің назарын аудартып, қызығушылығын арттырды. Өзіміздің теріскейдің етіне тең келетін ет жоқ екені жасырын емес. Облыстық ауылшаруашылық жәрмеңкесін Нұр Сұлтан қаласына Созақ ауданынан аудан әкімінің орынбасары А. Сатыбалды, аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Қ. Мейірманов бастап барды. Игілікті шара күндері Бас қаланың күн райы да мол шұғылалы болып, жәрмеңкеге де келушілер көп болды.
Мақсат Қарғабай.