«ҚҰРСАЙДАҒЫ» ҚҰРЫЛЫСҚА 42 МЫҢ ТҰРҒЫН ТЕЛМІРІП ОТЫР

Шымкенттегі «Құрсай» елді мекенінде ауыз су мәселесі күн тәрібінде тұр. Ондағы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту бойынша тиісті құрылыс жұмыстары басталды.

Елді мекенді сапалы ауыз сумен қамту екі кезең бойынша іске асырылады. Мөлдір су ағатын құбырларды «Құрсайға» жеткізу жұмыстарын «Риголит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізеді. Бұл бағыттағы тиісті құрылыс жұмыстары ауқымды. Сондықтан да ұзындығы 336,5 шақырымды құрайтын су жүйесінің құрылысы келер жылға өтпелі. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың қарашасында толық аяқталса, 42 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Жалпы Шымкентте халықты сапалы ауыз сумен қамту назарға алынған басты мәселенің бірі. Биыл Үкімет қолдауымен халыққа сапалы су жеткізу бойынша 16 млрд. теңгеге 14 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде ауыз су мәселесі 2023 жылы толығымен шешіледі деп күтілуде.