ТЕРМИНАЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ?

Шымкенттегі әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы құрылысының бірінші кезеңі толық аяқталды. Қазіргі таңда, жолаушылар терминалының құрылысын орындаудың жалпы пайыздық көрсеткіші 60%-ды құраған. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысанда болып, құрылыс жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда құрылыс жобасының екінші кезеңі бойынша жұмыстар қарқын алған. Жаңа жолаушылар терминалының қасбеттік жүйелерін монтаждау 2021 жылдың 15-маусымына дейін аяқталады.
Құрылысы жүріп жатқан нысанды аралау кезінде Мұрат Дүйсенбекұлы әуежай аумағын абаттандыруға арналған жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Өткен жылы қала әкімдігімен 912 млн. теңгеге әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, аяқталған болатын. Ал, жобалық құны 1,7 млрд.теңге құрайтын жаңа кірме жолды салу бойынша жұмыстар жүргізілуде, оны аяқтау ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығының соңына жоспарланған. Бұдан басқа инженерлік желілерді салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.