ҮШІНШІ ҚАЛАДА ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕП ҚОЙДЫ

Шымкентте қаланың символы болып табылатын қызғалдақтар гүлдеп тұр. Мегаполистің ажарын ерекше ашып тұрған бұл гүлдерді былтыр күзде шаһар тіршілігін қамтамасыз ететін жұмысшылар еккен болатын. Сол кезде қаладағы көшелер мен гүлзарларда бір миллионнан аса қызғалдақ егілген.

Қызғалдақтар арнайы кескіндердің ізімен отырғызылған. Нәтижесінде қазір олар ұлттық ою-өрнектер, қаланың логотипі мен геометриялық кескін пішінінде гүлдеп тұр.
Сұлулықтың, нәзіктіктің символы әрі гүл патшасы болып табылатын қызғалдақ бір айға жуық уақыт бойы гүлдеп тұрады. Содан кейін жазға қарай олардың орнына басқа гүлдер егіледі. Жаздық гүлдер де көгалдардың, субұрқақ кешендері мен қала көшелерінің көркін аша түспек.
Айта кетейік, қазіргі таңда әлемде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Ал елімізде бұл гүлдің 30-дан астам түрі кездеседі.

«Уақыт».