ЖАҢА АУДАНДАҒЫ ЖҰРТ 100 МЫҢНАН АСАДЫ

Ағымдағы жылдың 12-наурызында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында жаңа Сауран ауданын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев күнгейліктерді құттықтады.

Жаңа ауданның әкімшілік орталығы Шорнақ ауылы болып, құрамына Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері кірді. Бұл елді мекендердің барлығы бұған дейін Кентау қаласына қараған. Жаңа ауданның аумағы 650 мың гектар аумақты алып, халқының саны 100 мыңнан асады. Ауданға «Сауран» атауының берілуі негізді. Себебі Ұлы Жібек жолының бойындағы XII ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған киелі Сауран қаласы дәл осы аудан орталығы Шорнақ аумағында орналасқан.