ТҮРКІСТАНДА КЕСЕНЕ ЖАНЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы бастамашы болған серіктеспен бірлесіп, «Keruen Sarai» жаңа тұрғын үй кешенін салу жобасын қолға алған.

Бүгінде Түркістан қаласында аталған жоба аясында «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. Ауқымды жоба аясында бой көтеретін тұрғын үй кешені Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында, Қ.А. Ясауи кесенесінің жанынан салынатын болады.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдейді.
Салынып жатқан кешеннің аумағы арқылы қаланың негізгі жаяу жүргіншілер аллеясы өтеді. Айналасында қаладағы жаңа нысандар мен көрікті орындар бар. Кешеннің шығыс жағында саябақ аймағы орналасқан. Тұрғын үй ауласына көпжылдық ағаштар отырғызылады. «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінің құрылысының бірінші кезеңі 9 аз қабатты блоктардан тұратын болады. Жалпы жаңа кешенде
1,2 және 3 бөлмелі пәтерлер мен екі қабатты таунхаустардың құрылысын жүргізу жоспарланған. Айта кетейік «Keruen Sarai» кешеніндегі тұрғын үйлер шығыс стилінде бой көтереді.

«Уақыт».