ЕКПЕ ЕРІКТЕН ТЫС ЖҮРГІЗІЛМЕЙДІ

Осы жылдың 1-ақпанынан бастап  елімізде жаппай вакцина салу басталады. Сала мамандары бұл бағыттағы жұмыстарға қызу дайындық жүргізу үстінде. Бұған дейін қазақстандықтар ресейлік «Спутник V» вакцинасын қабылдайтыны айтылған. 

Препараттың қазақстандықтарға қажетті үлесі алғашында Ресейден жеткізіледі. Ақпан айының ортасынан бастап «Спутник V» вакцинасының Қарағандыдағы фармацевтикалық кешенінде өндіріліп жатқаны нұсқасы қолданылады. Аталған кешенде өндірілген дәрілік зат осы айдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлеріне жеткізілуі тиіс.
«Препарат мәжбүрлеп салынады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Әрбір азамат дозаны қабылдаудан бас тартуға құқылы.
ҚР Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев дәрілік зат 18 жасқан азаматтарға егілетінін айтты. Ал оқушылар вакцинаны қабылдамайды.
Еліміздің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Марат Шоранов 18 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан адамдарға екпе егілмейтінін мәлімдеді. Ведомства өкілі мұны ол жастағылар үшін вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәлімет жоқ екенімен түсіндірді.
Жалпы екпе салдыруға ел тұрғындарының көпшілігі қарсы емес. BISAM Central Asia әлеуметтік және маркетингтік зерттеу орталығы жүргізген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі осыған саяды. Онда сауалнамаға қатысқандардың 56 пайызы коронавирусқа қарсы дәрілік затты қабылдауға дайын екендерін білдірген. Ал 28 пайызы қарсы екендерін көрсеткен. Нақты шешімге келе алмай жүргендер 16 пайызды құраған.