ЕЛ НАЗАРЫ КАНДИДАТТАР ЕСІМІНДЕ

Аптаның сейсенбісінен бастап 10-қаңтарда өткен сайлауда жеті пайыздық межені бағындырып, одан жоғары дауыс жинаған Nur Otan, «Ақ жол» және Қазақстан халық партияларының Мәжіліске баратын кандидаттарының есімдері жарияланды. Одан алдын төменгі палатадағы 107 мандаттың 98-ін үш партия өзара бөлісетіні айтылған. Әр партияға тиесілі мөлшер сайлауда жинаған дауыс көрсеткішіне сәйкес сараланатыны да мәлімделген. Соған сәйкес, сайлау нәтижесі бойынша сайлаушылардың ең көп дауысына ие болған Nur Otan партиясының Мәжілістегі өкілі 76 болып белгіленді. Ал «Ақ жол» партиясынан 12, Қазақстан халық партиясынан 10 үміткер Мәжіліс депутаты атанатын болды.
Енді Қазақстан халық Ассамблесынан сайланған 9 депутатты айтпағанда, Nur Otan партиясынан-76, Ақ жол-дан-12, Қазақстан халық партиясынан-10 адам Мәжіліске барады. Партиялар атынан Мәжіліске баратын кандидаттардың есімі де белгілі болды. Билеуші партия Nur Otan-нан сайланған Мәжіліс депутаттарының тізімі де жалпақ жұрттың назарына ұсынылды. Осы ретте аталған партия атынан әу баста Орталық сайлау комиссиясына 126 кандидат ұсынылғанын айта кетейік. Енді сол тізімнен іріктелген 78 үміткердің 20-дан астамы алтыншы шақырылымдағы Мәжіліс депутаттары болған. Олар Артур Платонов, Гүлнара Бижанова, Балайм Кесебаева, Ержан Құдайберген, Мұхтар Ерман, Аманжан Жамалов, Снежана Имашева, Павел Казанцев, Фахриддин Каратаев, Арман Кожахметов, Дархан Мыңбай, Нұрлан Нығматуллин, Айгүл Нуркина, Жамила Нұрманбетова, жанат Омарбекова, Алия Сапарова, Сергей Симонов, Бахытбек Смағұл, Бекболат Тілеухан мен Геннадий Шиповских болып табылады. Бақытты тізімде былтыр мамырда мемлекет басшысының Жарлығымен Сенат төрайымы өкілеттілігі тоқтатылып, жұрт назарынан жылыстаған, арада бірнеше ай өткеннен соң үміткерлер тізімінен табыла қалған Дариға Назарбаева бар. Жаңа есімдердің арасынан ақын Жанарбек Әшімжан да кездеседі. Күнгейліктер үшін есімдері жақсы таныс Берік Оспанов, Ғани Ташқараев пен Берік Бекжановта Мәжілістегі мандатқа ие болып отыр.
Ал «Ақ жол» партиясының атынан Мәжіліске сайланған 12 кандидаттың төртеуі, атап айтқанда Азат Перуашев, Ерлан Барыбаев, Берік Дүйсембинов пен Дания Еспанова алтыншы шақырылымдағы халық қалаулысы болғанын айта кетейік.
Мәжіліске баратындардың тізімін ең алғаш болып «Ақ жол» партиясы жариялады. Іле жетекші партияда өздерінің мүшелерін таныстыра кетті.
Ал Қазақстан халық партиясы бір күннен кейін ғана өздерінен ұсынылған үміткерлердің ішінен Мәжіліске баратын 10 адамның тізімін жариялады. Олар Айқын Қоңыров, Жамбыл Ахметов, Ирина Смирнова, Айбек Паяев, Сергей Решетников, Файзулла Каменов, Ғазиз Құлахметов, Эрлан Смайлов, Алекстандр Милютин, Айжан Сқақова. Бастапқы үшеуі Мәжілістің алтыншы шақырылымының депутаттары болған.

А.САТЫБАЛДЫ.