ҚОҚЫСТАРДЫҢ ҚАЙТА ӨҢДЕЛУІ КӨБЕЙГЕН

Былтыр Шымкенттегі «Ақтас-1» қоқыс полигонында 200 мың тоннадан астам қоқыс қабылданған. Полигонға тасталған қоқыстардың 25,1 пайызы немесе 52,5 мың тоннасы қайта өңделген. Қайта өңделген қалдықтардың 14,8 тоннасы картон, 2,3-қағаз, 1,1-ақ қалта (желім), 1,2- түсті қалта, 26,1-политэлен бөтелке, 5,1-пластмасса, 1,8-шыны бөтелке, 0,1-қара металл болса 0,01 тоннасы түсті металл болған.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Өңделген қалдықтың көлемі жыл сайын көбейіп келеді. Мысалы, қоқыстарды қайта өңдеудің көлемі 2018 жылы 18,1 % құраса, 2019 жылы 22,7 пайызды құраған.
Естеріңізге сала кетсек «Ақтас-1» полигоны 2015 жылдың наурыз айында іске қосылған. Қазіргі таңда полигон тәулігіне 600 тоннаға дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдай алады. Оның аумағы 34 гектарды құрайды. Оның ішінде 29 гектар қоқыс полигоны болса, 5 гектарында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау зауыты орналасқан. Зауыт 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.