ҮШЕМ ӨМІРГЕ КЕЛДІ

Ағымдағы жылдың 23-қарашасында Шымкентте 21 жастағы ана үшінші жүктілігінде үшем әкелді. Дүниеге келген үшемнің үшеуі де ұл бала.
Олар жүктіліктің 35 аптасында кесарь тілігі арқылы өмірге келді. Ананы босандырған сәтте нәрестелердің салмағы 2360, 2090 және 2330 грамм болған.
Сәбилер мен анасы қалалық перинаталдық орталықта 10 күн бойына дәрігерлердің бақылауында болып, 3-желтоқсанда үйлеріне шығарылды.
Бұл қалалық перинаталдық орталықта жыл басынан бері өмірге келген төртінші үшем.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы Инна Глазебнаяның мәлімдеуінше жыл басынан бері Шымкентте 25833 бала өмірге келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға көп.