ШЫМКЕНТ КӘРІ ҚҰДА ҚЫСТЫҢ ӘЛЕГЕНЕ ДАЙЫН БА?

Кешегі демалыс күндері Шымкентте Шымкентте қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілді. Жапалақтап жауған қарды аршу үшін бес коммуналдық мекеме жұмылдырылған. Қара жолды ақ ұлпадан аршу үшін 118 техника, 636 жұмысшы жұмылдырылды.
Естеріңізе болса осыдан бірнеше күн бұрын Шымкентте кәрі құда – қыстың әлегімен күрес жұмыстары кезінде таптырмас техникалардың жай-күйі пысықталған болатын. Авариялық құтқару мен коммуналдық қызметтер кезінде қолданылатын төрт саймандарды техникалық тексеру бағытындағы іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы қатысқан еді.
Сол жиында үшінші мегаполисте қыр астындағы қыста қолайсыз ауа райы кезінде жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерін «ЛТД Тұрмыс», «Югдорсервис», «Бәйтерек ЛБ», «Нұртас сервис» және «Жасыл жер» сынды бес мекеме бұлжытпай орындаймыз деп бекініп отырғаны хабарланған.
Ал авариялық құтқару жұмыстары мен өзге де қауіпсіздік шаралары бағытындағы жұмыстар туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Жәнібек Керімбаев жеке құрамдағы 670 адам және 182 техника қылышын сүйреп келе жатқан қыс мезгіліне дайын екенін айтты. Ол биылғы қыс маусымында қаладағы 5 коммуналдық қызмет көрсетуші мекемесімен бірге 32 бағыт бойынша ұзын-ырғасы 1012,16 шақырымды құрайтын 299 көшеде қар тазалау мен өзге де қауіпсіздік жұмыстар жүйелі жүргізілетінін мәлімдеген.
Қазіргі таңда жолдарда көктайғақты болдырмас үшін 5000 тонна техникалық тұз, 17217 текшеметр құм дайындалған. Қосымша қажеттілік туындаса инертті материалдар қоры тағы толықтырылатын болады.