АНА АМАН, БАЛА САУ

Шымкентте ай-күні жақындап қалған ана бойынан Covid-19 вирусы анықталды. Дәрігерлер індет ана құрсағындағы сәбиге зардабын тигізбес үшін дәрігерлер жоспарлы түрде кесарь тілігі отасы арқылы баланы аман сау дүниеге келтіруге кіріседі.
Осылайша ағымдағы жылдың 5-қарашасында анадан балаға инфекция берілмес үшін қалалық перзентханадағы білікті мамандардан құралған дәрігерлік топ жүкті әйелді жұқпалы аурулар ауруханасының базасында кесарь тілігі арқылы босандырып алады.
1986 жылғы әйел салмағы үш жарым келіден асатын дені сау сәбиді дүниеге әкеледі. Дені сау болып туылған нәрестесі – қыз бала. Жүкті әйелге ота жасаған білікті дәрігерлік топ құрамында хирург Ерлан Серік, акушер-гинеколог Анар Махашова, анестезиолог-реаниматолог Кабылжан Ташмұхамедов, анестезиолог Бахрам Рустамов, неонатолог Гүлнара Алшынбаева, балалар медбикесі Шолпан Самбетова, операция бөлімінің қызметкерлері Гулима Муналова, Гүлнұр Айнакуловалар болды.
Айта кетейік, жүкті әйелден дәрігерлер коронавирус инфекциясын жоспарлы отадан алдын тексеруден анықтаған. Дәрігерлердің сөзінше, инфекцияға шалдыққан науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Азаматша жеті күндей ауруханада ем қабылдайды. Ал дені сау болып туылған нәресте анасы ауруханадан шыққанша, қалалық перинаталдық орталықтағы балалар дәрігерінің қарауында болады.