Маңызды

ДӘРІ САТУҒА ӘРКІМНІҢ-АҚ БАР ТАЛАСЫ…

Елімізде дәрі-дәрмектерді заңсыз сатумен күрес жұмыстары жалғасуда. Жуырда Түркістан қаласындағы «Фиркан» азық-түлік дүкенінде дәрілік заттардың сатылып жатқаны анықталды. Заң талаптарына қайшы бұл жағдай қалалық прокуратура мен полиция басқармасы бірлесе жүргізген тексеру шаралары кезінде белгілі болған.

Аталған дүкен қаланың Б.Саттарханов даңғылы және Х.А.Яссауи көшесінің қиылысында орналасқан.

Ондағы шұжық, ірімшік, жұмыртқа және басқа да азық-түліктер сақталатын тоңазытқышта қазіргі таңда көп сұранысқа ие анальгин, грипго, стрептоцид, терафлю, ампициллин, нолгрипп, нафтизин және басқада дәрілер сақталған. Құзырлы орган өкілдері ол дәрілердің барлығын заңсыз сатылымнан шығарып, уақытша сақтау үшін денсаулық сақтау нысандарына тапсырған.

Аталған дерек Түркістан қалалық полиция басқармасының тіркелді. Енді дүкен иесі «Заңсыз фармацевтикалық қызметпен айналысу» және «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы бойынша қағидаларды бұзу» баптарымен әкімшілік жауапқа тартылады.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру